Текст
2021 жылдың 15 қазанында оқытушы Л.Д. Хамидуллина "Дүниежүзілік нан күні"тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Әлемдегі ең танымал өнімдердің бірі, онсыз біздің өміріміздің бір күні аяқталмайды, әрине, нан. Сондықтан оның жыл сайын 16 қазанда атап өтілетін өзінің мерекесі – Дүниежүзілік нан күні (World Bread Day) бар екендігі таңқаларлық емес.
Мереке 2006 жылы Халықаралық наубайшылар мен кондитерлер одағының бастамасымен құрылды. Күнді таңдау 1945 жылдың 16 қазанында құрылғанына байланысты.
Кураторлық сағатта студенттер нан мен нан-тоқаш өнімдерінің әртүрлі сорттары мен түрлерін сынап қана қоймай, сонымен қатар нанның қалай пайда болғанын, оның тарихы мен дәстүрлерін, неден жасалғанын, қай жерде өскенін, қалай пісірілетінін білді.