Бүгін Қазгтк колледжінің студенттері 2021 жылғы халық санағына арналған буклеттер таратты .
1,2,3 курс студенттері Көкшетау қаласының жолаушыларына буклеттер таратты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін егемендік алғаннан кейінгі үшінші— ұлттық халық санағы жүргізілетін болады. Қазақстанда Ұлттық халық санағы 10 жылда бір рет өткізіледі.
2021 жылғы Ұлттық санақтың басты жаңалығы-цифрлық технологияларды енгізу және процесті автоматтандыру. Енді популяция туралы мәліметтерді жинау процесі екі жолмен жүзеге асырылады.
Халық санағының қорытындылары елде болған экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетеді. Халық санағы барысында алынған статистикалық деректер барлық деңгейдегі бюджеттердің барынша объективті қалыптасуына негіз болады.
Халық санағы жұмыс орындары, еңбек ресурстары туралы толыққанды көрініс береді, ал бизнес үшін – түпкілікті тұтынушы туралы маңызды және нақты көрініс береді. Санақ ұйымдастырушылары атап өткендей, сұрақтарға жауап берген әрбір азамат мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жоспарлау мен әзірлеуге елеулі әрі құнды үлес қосады.