Бастауыш сынып мамандығына оқуға түсуге арналған студенттерге арналған сұрақтармен педагогикалық жағдаяттар
Сұрақтар тізімі:
Педагогикалық жағдаяттар:
Педагогикалық жағдаят №1
Сіз бастауыш сынып мұғалімісіз және сіздің сыныбыңызда қиын оқушы бар. Ол басқа оқушылардың заттарын жиі сұраусыз алады. Бір күні осы оқушы өзгенің ұялы телефонын сұраусыз алып, үйіне алып кетеді.
Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз:
Қиын оқушының ата-анасына хабарласасыз.
Оқушыны мектеп психологына апарасыз.
Барлық сыныптың көзінше оқушыны ұрлық жасады деп жала жабасыз.
Өзініздің жеке пікіріңіз
Педагогикалық жағдаят №2
Мектепте мұғалім өзінің оқушыларының бір-бірін айғайлап қарсы алғандарын естіді. Бірден олармен бұл жағдайды тікелей талқылау қандай да бір нәтиже шығаруы белгісіз еді.
Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз?
Ештеңе естімеген кейіп таныту.
Оқушылардың осы жаман әдетті қалай тапқанын анықтау.
Тез арада сынып жетекшімен байланысып, мәселені талқылау.
Өзініздің жеке пікіріңіз
Өз жауабыңызды түсіндіріңіз
Педагогикалық жағдаят №3
Сөйлеуінде кемшілігі бар оқушы қатты абыржып, жауап бере алмай тұр. Оның жауабын естіген оқушылар, күле бастады. Бірақол сабаққа жақсы дайындалып келген, қойылған сұрақтың жауабын да біледі.
Осы жағдайға қалай ықпал етер едіңіз?
Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?
Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз)
Педагогикалық жағдаят №4
Сабақ жүріп жатыр делік. Барлық балалар өздік жұмысымен айналысуда. Бір оқушы жұмыс істегісі келмей жан-жағына бұрылып, не істерін білмей отыр. Мұғалім оның атын атап, не түсініксіз болып отырғанын сұрады.
- Сенде маған қандай сұрағың бар? – деді.
Бала біраз ойланып тұрып:
- Сіз өз оқушыларыңыздың жанында, жүрегінде қандай із қалдырамын деп ойлайсыз? – деп сұрады?
Бұндай күтпеген сұраққа қандай жауап берер едіңіз?
Ондай сұрақтың Сізге қойылуының себебі неде деп ойлайсыз?
«Бала жүрегінде із қалдыру» - дегенді қалай түсінесіз?
Педагогикалық жағдаят №5
Сіз сынып жетекшісісіз делік. Сенбілік болған кезде барлық оқушылар өз парталарын жууға кірісті. Кенет бір оқушыңыз:
Мен парта жумаймын! Ол қыздардың жұмысы деп қолындағы сулы шүберекті парта үстіне лақтырып жіберді.
Оның сөзін естіген басқа да ұл балалар:Онда біз де жумаймыз!
Біз де қыз емеспіз, ұлдармыз! – деп бастап жатқан жұмыстарынан бас тартты.
Осындай проблемалық жағдайда практикант қандай шешім қабылдағаны дұрыс?
Тазалықты сақтау туралы оқушыларға қандай кеңес бере аласыз, қандай мысалдар келтіруге болады?
Осындай қиындық туындатқан баланың жеке тұлғасы туралы, тәрбиелік деңгейі жайлы не айта аласыз?
Педагогикалық жағдаят № 6
Сіз практикантсыз делік. Сізге бір ашық тәрбие сағатын өткізу керек. Сіз оған жан-жақты материал жинақтап дайындалдыңыз. Жаңа компьютерлік технологияларды қолданып өтетін жаңа тақырыбыңызды презентация, слайд-шоу, көрнекіліктер ретінде электрондық вариантын дайындадыңыз. Музыкалық аппаратураны әзірледіңіз.Осының барлығын қолданып ашық тәрбие сабағын жүргізе бастадыңыз. Кенет бүкіл мектеп бойынша электр тогы сөніп қалды.Жүргізушілеріңіз, қатысушы оқушыларыңыз абыржып, сасқалақтап біресе Сізге, біресе сабаққа қатысып отырған қонақтарға қарайды.
Осындай проблемалық жағдайда қандай шешім қабылдар едіңіз?
Егер мұндай жағдайдың болатынын ескерген болсаңыз сабаққа қалайша дайындалар едіңіз?
Осындай проблемалық жағдайда оқушылар қандай психологиялық көңіл күйде болуы мүмкін?
Оларға қандай психологиялық қолдау, әдістемелік көмек көрсете аласыз?
Өз ойыңыз
Педагогикалық жағдаят № 7
Арман 11 сынып бітіріп, оқуға тапсыруға ата-анасымен оқу орнына барады. Арман өнер жағына тапсырамын деп ойлап еді, ата-анасы қарсы болып, мұғалім мамандығына оқуға тапсыруға кеңес беріп, мұғалім мамандығына тапсырды. Бірақ, тапсырған мамандығы өзіне ұнамады, ата-анасы кеңесі болған соң тапсырды.
Сіз қалай ойлайсыз ата-анасының әрекеті дұрыс болды ма?
Арман дұрыс таңдау жасады ма?
Мамандық тандауда маңызды нәрсе не деп ойлайсыз
Осы жағдаятқа өз ойыңыз