Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінде 2021 жылғы 28 сәуір мен 5 мамыр аралығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған 1 курс студенттері арасында әскери-патриоттық әндер мен өлеңдердің онлайн конкурсы өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты білім алушылардың бойында азаматтық пен патриотизмді тәрбиелеу, өшпес әскери ерлікке құрмет көрсету болып табылады.
Студенттер өте белсенді қатысты, бұл олардың байқауға дайындығынан көрінді: орындаушылық деңгейі, сахналық бейнесі, әртістік қабілеттері, бар жанын салып мәнерлеп оқуы.
Саптық әндер номинациясы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:
1-орын-ДВО-12/1
2 – орын-ИС-11
3-орын-ФиС-12
Әскери-патриоттық өлеңдер номинациясы бойынша үздік атанды:
1-орын-Пономарев Даниил гр.OДД-22,
Боткенов Назар гр.ИС-11
2-орын-Акшалова Назгуль гр.ОДД-12
3-орын-Есен Бекболат гр.ИС-11