Текст
Отан қорғаушылар күні - 7 мамырда атап өтілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі. 2012 жылы ҚР Парламенті 7 мамырды мемлекеттік мереке ретінде бекітті.
Осы мереке қарсаңында, 5 мамырда бірінші курс жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық эстафета өткізілді, ол біздің балаларымыздың спорттық дайындығын көрсетуге бағытталған. Эстафетаға келесі топтар қатысты: ОДД-12/1,ОДД-12/2, ФиС-12,ИС-11, ЭМ-12. Жиналған баллдар қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын-ФиС-12 тобы
2 орын-ОДД-12/2 тобы
3 орын-ОДД-12/1 тобы.
Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Құттықтаймыз және табыс тілейміз!