Қазіргі уақытта Көкшетау қаласында соғыс ардагерлері, соғысқа тікелей қатысушылар, ҰОС мүгедектері көп емес. Біздің алдымызда ҰОС қатал жылдарында көрсеткен ерліктері мен ержүректіліктері үшін құрмет көрсету міндеті тұр.
Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында, 2021 жылғы мамырдың 5-сі, ЖҚазГТК өкілдері Көкшетау қаласының ардагерлеріне, атап айтқанда: Беймарат К.Б., Горбонос В.К., Давлетов А.Д., Джаканов С., Итжанов Е.Б., Мазурова В.Е. баруды ұйымдастырды.
Колледж әкімшілігінен әрбір ардагерге «Солдат үлесі» түріндегі алғыс пакеттер табыс етілді.
Іс-шараға «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша 1 және 2 курс студенттері қатысты.
Балалар өткен тарихтың куәсі болды, өйткені ардагерлер құттықтауларды қабылдап, соғыс жылдарындағы оқиғалар туралы естеліктерімен бөлісті. Ардагерлердің есімдері жаумен болған үлкен шайқастың батырлық шежіресіне алтын әріптермен мәңгі жазылған.
Мұндай іс-шаралардың мақсаты: өскелең ұрпақтарға өз Отанына деген патриоттық сезімдерін оятуға, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ерлігін мақтан тұтуға және құрметтеуге тәрбиелеу.