Елімізде «Бiрге – таза Қазақстан» жаңа экологиялық акциясы басталды. Акцияның мақсаты – көрнекі орындар мен табиғи аумақтарды қоқыстан тазарту.
Аталмыш шараға мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдар, өңірдің белсенді жастары мен табиғат жанашырлары қатысты.
2021 жылдың 24 сәуірінде өткен Республикалық эко-марафонды қолдауға жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің 1 курс студенттері мен дене шынықтыру оқытушысы Р. Е. Аймаханов шықты.
Тазалауға арнайы техника мен қажетті жабдықтар бөлінді, сондай-ақ акцияға қатысушыларға қоқыс қаптары мен қолғаптар таратылды.
Балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, жұмыстың ең тиімді және қызықты әдістері мен формаларын қолдану қажет. Осындай формалардың бірі - табиғатты сақтауға және оған ұқыпты қарауға бағытталған экологиялық акциялар.