Əлемдік тілдерді игеру - əлемдік білім кеңістігіне енуге жол ашады. Олай болса, əлемдік деңгейдегі қолданбалы жəне іргелі зерттеулерді əрі дамыту үшін казіргі таңдағы халықаралық талаптарға сəйкесорта білім мен жоғары оқу орындарын бітірген түлектер ауадай қажет. Оларға жоғары білім жүйесін дамыту арқылы ғана жеткілікті дəрежеде сапалы білім беруге болады. Солардың бірі - оқытылатын шетел тілінің білімі материалдарын ана тілімен, ана тілінің өзіндік лингвистикалық аспектілерінің ерекшеліктерімен - cалыстыра отырып игеру. Оқу-тəжірибелік аспект бойынша шет тілін оқыту. Студенттер шет тілін қатынас кұралы ретінде меңгеріп жəне оны ауызша жəне жазбаша сөйлеуде қолдана білуі керек. Тілді оқыту қызметінің төрт түрін, атап айтқанда: рецептивтік - тыңдау жəне оқу, продуктивтік -айту жəне хат жазу, сондай-ақ, осылармен байланысты тілдің үш түрлі аспектілері: лексика, фонетика, грамматиканы меңгеру мəселелерін қарастырамыз. Шет тілін меңгерудегі оқу тəжірибелік аспект тілдесудің барлық формаларын жəне тілдің барлық функцияларын, яғни жеке тұлғалар арасындағы өзара тілдесудің қажеттілігін, адам баласының рухани əлемін байытуын, өз пікірін қорғауын, отандық мəдениетті насихаттауын, халықтар арасындағы достығын, экономикалық жəне саяси дамуын меңгеруді ұйғарады.Тілді оқыту қызметінің нақты мақсаттары ретінде:
Сөйлесуде - хабарлай білу (баяндау, жариялау, хабарлау, ақпараттандыру, əңгімелеу жəне т.б.); түсіндіру (мінездемелеу, нақтылау, көрсету жəне т.б.); мақұлдау (ұсыну, кеңес беру, айқындау, қолдау, мақтау, алғыс айту жəне т.б.); əшкерелеу (сынау, қарсыласу, жоққа шығару, кінəлау, талқылау жəне т.б.); сендіру (дəлелдеу, негіздеу, нақтылау, көндіру, айтқанында тұру жəне т.б.);
Жазуда - өзінің жəне өзгелердің пікірлерін жеткілікті жылдам түрінде бекіту, материалды қолдана отырып, оқығанды жаза білу, сейлеген сөздердің жоспарын жəне тезистерін сондай ақ, хат, аннотация жəне рецензия жаза білу;
Оқуда - журнал не газет беттерінен мақаланы, орта қиындықтағы көркем шығармаларды қатынас құралы ретінде оқудың барлық функдияларын қанағаттандыру үшін іштей тез оқи ала білу қажет;
Тыңдауда - бетпе-бет жүздесуде жəне аудиожазбаларды еркін ұғыну.
Аудармада - тұрмыстық жағдайда аудармашы ретінде бола алу- негіздерімен ерекшеленеді. Оқу аспектісінде өзіндік жұмыстың дағдысын игеруді өте маңызды деп санау тура келеді.
Шетел тілін меңгеру -көптеген жас түлектердің болашақтағы бағдарларын айқын етіп,шет елде сапалы білім алу,тәжірибе жинақтауға үлкен мімкіндік беріп отыр .