Текст
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында топ кураторы С.К.Урумбаева «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 1 курс студенттерімен «Парасат» интеллектуалдық ойынын өткізді. Ұлдар мен қыздардан құрылған топшалар өзара білім сайысына түсті. Ойын 3 турдан, әрбір тур шапшаңдыққа, ойлауға құрылған тапсырмалардан тұрды. Белсенді қатысқан студенттер колледждің мақтау грамотасымен марапатталды. Іс-шара соңында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналып бата айтылды. Студенттерге ойын қызықты әсер берді.