2021 жылғы 16 наурызда "Наурыз мейрамы" мерекесі қарсаңында кураторлар Л.Д. Хамилуллина, А. Ж. Кобжосарова ОДД-12/1 және ЭМ 12\1 тобының 1 курс студенттерімен іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында "Әлем халықтарының 10 сәлемдесу салты" тақырыбында бейне-ролик көрсетілді. Бейне роликті көргеннен кейін студенттер жастар арасында кең таралған сәлемдесудің түрлерін көрсетті. Сонымен қатар студенттер ұлттық тағамдармен үстел ұйымдастырды және әртүрлі халықтардың ұлттық тағамдарын білу туралы ойын өткізілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу кезінде студенттер өмірде үлкендерді құрметтеу, басқа ұлттарға толеранттық қарым-қатынас қасиеттерін дамыту және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын халықтардың мәдениеті туралы жалпы білім сияқты қажетті қасиеттерді меңгеретінін атап өткен жөн.