Текст
«Жас Отан» жастар қанаты - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың идеяларын жалғастыратын жастар саясаты.
Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінде 2021 жылдың 10 наурызында «Жас Отан» ЖҚ бөлімшесі ашылды.
Қазіргі уақытта «Жас Отан» ЖҚ құрамына 30 белсенді мен еріктілер кіреді.
Бөлімшенің негізгі қызметі қала ардагерлеріне атаулы көмекті жүзеге асыру, балалар үйлері мен баспаналарға шығу, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету, түрлі форматтағы қалалық, облыстық және республикалық іс-шараларға қатысу, әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ қатарына енген белсенділер табысты мансап жолында өз қадамдарын жасауда!