2021 жылдың 2 наурызында куратор Л.Д. Хамидуллина ООД-12/1 тобының студенттерімен Алғыс айту күніне арналған сынып сағатын өткізді. Алғыс айту күні-қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын күні. Мереке 2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бекітілген, ол 2015 жылғы сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясында Алғыс айту күнін атап өтуді ұсынған болатын. Сынып сағаты диалог форматында өтті. Колледж студенттері осы мейрамның алдындағы оқиғалар туралы және бұл күні еліміздің барлық этностар өкілдері Қазақстанға жер аудару жылдарындағы төзімділік пен қонақжайлық үшін бір-біріне және қазақтарға алғыс білдіре алатыны туралы айтып берді.
Сынып сағатының соңында студенттер туған жерге, ел Президентіне, ата-аналарға, басшылыққа және колледждің барлық оқытушылар құрамына алғыстарын білдірді.