Оқушының мектепті бітіргеннен кейін жеке тұлға ретінде өзін-өзі сәтті жүзеге асыруы, оның қоғамдағы әлеуметтенуі, өмірлік ортада белсенді бейімделуі оқу процесінің маңызды міндеттері болып табылады.
Жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруда биологиялық пәндер үлкен маңызға ие. Биологиялық пәндер әлемнің заманауи ғылыми бейнесін қалыптастырады.
Жаратылыстану-математикалық цикл апталығы аясында 16.02.2021 жылы биология және химия оқытушысы Омарова Ш.К. «Балалар анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы" пәні бойынша ДВО-12\1, ДВО-12\2 топтарының студенттері арасында сыныптан тыс іс-шара өткізіді.
Зияткерлік ойын 5 бөлімнен тұрды: "Жүйке жүйесі"," Қанайналым жүйесі"," Сезім мүшелері"," Қаңқа және бұлшықеттер","Ас қорыту жүйесі". Айдарлардың әрқайсысы әр түрлі деңгейдегі 5 сұрақтан тұрды. Деңгейдің күрделігіне байланысты, командаларға 10-50 балға дейін берілді. Егер команда дұрыс жауап бермесе, онда оған сұрақ құны мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, "Бақытты оқиға", "Апат", "Қаптағы мысық" секторлары болды .
Ойын көңілді және еркін өтті, балалар пән бойынша өз білімдерін көрсетті, ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған, ең мықты команда анықталды.