Текст
9 ақпан күні Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығының және оқу орындарының Жастар ісі жөніндегі комитет төрағаларының отырысы өтті. Тәуелсіздік жылы аясында ЖІК жұмысын ұйымдастыру бойынша мәселелер талқыланып, жеке мақсаттар мен міндеттер қойылды. Отырысқа ЖІК төрайымы, «Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің» «Бастауыш білім беру» мамандығының 2-курс студенті Қожамұратова Гүлзада қатысты.