Тәжірибесі жоқ жас мамандар үшін жұмысқа орналасу өте қиын, сондықтан оқу орындары тарапынан студенттерді диплом алудан бастап жұмысқа орналасуға дейін сүйемелдеу қажет.
Колледж түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында 20.01.2021 жылы Көкшетау қаласының жұмыспен қамту орталығының бас маманы Сулейменова Риза Жомартовнамен және студенттермен онлайн-конференция өтті.
Кездесу барысында ол "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы туралы айтып, түлектер ЭЦҚ пайдалана отырып, Электрондық еңбек биржасында тіркеле алатынын және өз бетінше өтінім бере алатынын айтты.
"Жастар тәжірибесінің" артықшылығы жұмыспен қамту орталығы мамандығы бойынша бос жұмыс орындарын таңдайды. 6 айға созылатын тәжірибеде олардың тәлімгері болады. Сонымен қатар, жастар тәжірибесі 25 АЕК-ті құрайды, бұл жас маман үшін айтарлықтай қолдау болып табылады. Балалар тәжірибе жинақтап, болашақта осы ұйымға жұмысқа орналаса алады.