Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі
Высший Казахский гуманитарно-технический колледж

СОЦСЕТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЖҚазГТК «Қазақстанның Тәуелсіздігіне-29 жыл: кеше, бүгін, ертең» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

27.01.2021

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі» мекемесінде колледж оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен «Қазақстанның Тәуелсіздігіне-29 жыл: кеше, бүгін, ертең» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция үш бағыт бойынша өтті: «ТАРИХ», «САЯСАТ» және «ЭКОНОМИКА». Конференция барысында тарихи мәліметтер мен қазіргі заманғы оқиғалар негізінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасу процесі; әлемдік экономикалық және геосаяси кеңістікке кірігу мәнмәтінінде қазіргі Қазақстанның саясаты мен экономикасының даму проблемалары мен перспективалары; Қазақстанның мемлекеттік егемендіктің қалыптасуына саяси жолы қаралды және талданды; тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың рөлі ашылды.

            Конференция спикерлері болып колледж әдіскері, әлеуметтік-экономикалық пәндердің 1 санатты оқытушысы Д.С.Заицкий және «Тарих» пәнінің оқытушысы А.К.Мукушев болды.

            Конференция қорытындысы бойынша конферения материалдарының жинағын шығару жоспарланды.

Просмотров: 216


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст